Елордалық гимнасшылар халықаралық жарыстан жеңіспен оралды
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 17 құрама командадан 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
Елордалық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 күміс, 2 қола жүлдемен, командалық 2-орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша астаналық Alan-Рио (11 спортшы) құрама командасы 4 құрлық чемпионатында қола жүлдеге ие болса, Samruk (11 спортшы) құрама командасы әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, Alan-Junior командасы (10 спортшы) командалық есепте 2-орынға ие болды.
-->Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.