Елордалық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында астаналық спортшы Едіге Егемберді чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені жерлесіміз Едіге Емберді сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта 336 (145+191) келі көтерді. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтынды жеңіп алды. Күміс медаль түрікменстандық Гайгысыз Тораевқа, ал қола жүлде грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды.
Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.
-->Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені жерлесіміз Едіге Емберді сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта 336 (145+191) келі көтерді. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтынды жеңіп алды. Күміс медаль түрікменстандық Гайгысыз Тораевқа, ал қола жүлде грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды.
Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.