Спорт

Елордада жаппай жүгіруден жарыс өтеді

Астанада 11 қаңтар күні жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Өтетін орны – Ботаникалық саябақ. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сол күні күні сағат 08:30-10:00-ге дейін өтеді.

Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Финиш сызығында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.

Жаппай жүгіруге кез келген адам қатыса алады.