Спорт

Елордада жанкүйерлер турнирден соң спорт кешенін жинады

Елордадағы Qazaqstan спорт кешенінде өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирінен кейін жанкүйерлер “Таза Қазақстан” акциясы аясында спорт кешенінің қоқысын жинады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұндай тазалық акциялары елорда тұрғындары үшін дәстүрге айналып кетті десек болады.

«Жеңіл атлетикадан әлемдік жұлдыздарды өз көзіммен көргеніме қуаныштымын. Үнемі шетелдік ақпарат құралдарында стадионды жанкүйерлер тазалады деген ақпаратты естіп, таңғалушы едім. Бүгін мен де қаланың тазалығына үлес қосқаныма өте қуаныштымын», - деді акцияға қатысқан жанкүйердің бірі.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласы өз тарихында екінші мәрте Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирін қабылдап, 42 елден келген 150-ге жуық спортшы 13 дисциплинада мықтыларды анықтады.