Елордадағы ең танымал үйірмелер белгілі болды
Астанада спорт және дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 992 ұжым жұмыс істейді, олардың сабағына жүйелі түрде 601 200 адам қатысады. Халықты бұқаралық спортпен қамту жылдан жылға артып келеді. Осы және 2024 жылы қол жеткізілген өзге де көрсеткіштер туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордада бір жыл ішінде тұрақты спортпен шұғылданатындардың қатары 48 508 тұрғынды немесе 39,1% құрады.
Бір жыл ішінде Астанада 616 152 адамды қамтитын 778 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Олардың ішіндегі ең ірілері: үстел теннисінен Азия чемпионаты, клуб командалары арасында шахматтан, асық атудан, пауэрлифтингтен, грепплингтен, спорттық самбодан және ересектер арасындағы жауынгерлік самбодан турнирлер, 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир, дзюдодан GRAND Slam, теннистен Қазақстан – Дания құрамалары арасындағы Davis Cup, джиу-джитсудан AJP Kazakhstan National және т.б.
Елордада барлығы 34 жеңіл атлетикалық жарыс, марафон және 10 веложарыс өтті, оған 56 000-нан астам адам қатысты.
Жазғы кезеңде қала тұрғындары арасында AULA FIT әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды, 15 тәжірибелі жаттықтырушы елорданың 30 ауласында жаттығу өткізді. Funny Sport жобасы да сәтті жүзеге асырылды, оның аясында барлық жас санаты үшін фитнес, йога, жарыс және басқа да спорт түрлері бойынша дәрістер ұйымдастырылды; марафондар, стритболдан турнирлер, веложарыс өткізілді.
«2025 жылы 1 108 спорттық іс-шараны ұйымдастыру және өткізу жоспарланған, оның ішінде: халықаралық – 61, республикалық – 97, қалалық – 950. Басқарма сонымен қатар мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қалада спорттың 31 түрі бойынша 1 023 үйірме жұмыс істейді, 415 жеткізуші, 22 841 белсенді ваучер қызмет көрсетеді. Ең танымал үйірмелер – шахмат 254 үйірмеде 8 781 ваучер, дзюдо 113 үйірмеде 2 616 ваучер, каратэ 98 үйірмеде 1 667 ваучер, бокс 93 үйірмеде 1 527 ваучер, футбол 76 үйірмеде 2 573 ваучер, көркем гимнастика 54 үйірмеде 2 122 ваучер», - деді Василий Левит.
Қазіргі уақытта қалада 819-дан астам спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде 35 ірі нысан, оның 17-сі спорт түріне бағытталған.
Елордада 2024 жылы аула ішінде 180 спорт және тренажер алаңы салынды.
Бүгінде елордада 10 спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мекемелерде жұмыс істейтіндердің жалпы саны 9 236 адамды құрайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 521 адамға көп немесе өткен жылмен салыстырғанда 5,6% өсім бар.
Астанада 172 спорт және спорттық дисциплина, оның ішінде: олимпиадалық спорт түрлері – 50, олимпиадалық емес спорт түрлері – 51, ұлттық спорт түрлері – 10, параспорт – 56, техникалық спорт түрлері – 5.