Спорт

Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті

Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Басқосуға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабасынов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев, сондай-ақ федерация президенттері мен бас жаттықтырушылар қатысты.

Отырыста V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және ұлттық құрама спортшыларының дайындығы сөз болды.  

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы – қазақтың ұлттық ойындары.

Федерация басшылары мен бас жаттықтырушылар спортшыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екенін және дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.

-->

«Биыл елімізде өтетін ірі додалардың бірі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екені белгілі. Дүбірлі доданың басталуына да санаулы күндер қалды. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатыспақ. Сондықтан көшпенділер бәсекесін абыроймен өткізуге бар күшімізді жұмсау керек», - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.