Спорт

Елордада таэквондодан әлем чемпионаты басталды

Таэквондодан елорда төрінде алғаш рет әлем чемпионаты басталды деп, хабарлады Elorda info.

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және cпорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, ITF таэквондо президенті Ри Йон Сон, Қазақстан таэквондо ITF және АТF қауымдастығының президенті Ерлан Исекешев қатысты.

Шара барысында ITF таэквондоның отаны саналатын Солтүстік Кореяның спортшылары көрермендерге бір сағаттай өз өнерлерін паш етті.

Жаһан чемпионатына Албания, Алжир, Аргентина, Аустралия, Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Болгария, Камбоджа, Канада, Чили, Қытай, Колумбия, Солтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Англия, Эстония, Грекия, Гренландия, Гренада, Гаити, Гондурас, Гонконг, Үндістан, Иран, Ирландия, Италия, Жаңа Зеландия, Ямайка, Жапония, Қырғыз Республикасы, Мадагаскар, Малайзия, Моңғолия, Марокко, Непал, Нидерланды, Солтүстік Македония, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рико, Ресей, ОАР, Испания, Швеция, Тәжікстан, Тринидад және Тобаго, Түркіменстан, БАӘ, АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен спортшылар қатысып жатыр.

Қазақстанда таэквондоның ITF түрі 1989 жылдан бері қолға алынып келеді.

Айта кетейік, елімізде өтіп жатқан додаға қатысып жатқан Солтүстік Корея мемлекеті бірнеше жыл бойы түрлі әлем чемпионаттарына қатысудан бас тартып келген болатын. Оның ішінде Токио жазғы Олимпиадасы мен Бейжің қысқы Олимпиадасы да бар. 

                               Қанат Байұзақов

-->

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-қа жуық мемлекеттен 900-дай спортшы келіп отыр. Алдағы 6 күнде таэквондошыларымыз елорда төрінде өздерінің шеберліктерін паш ететін болады. Осындай жарыстың Қазақстанда өтуі біз үшін үлкен құрмет! Айтулы әлем чемпионаты отандық спорт тарихында айрықша орын алатынына, сенімдіміз. Әлем спортшылары мойындап, қыр-сырын меңгеріп, әлем біріншілігіне келген спортшыларға тек жеңісті тұғыр, айы оңынан тусын деп, тілейміз — деді, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Шара барысында ITF таэквондоның отаны саналатын Солтүстік Кореяның спортшылары көрермендерге бір сағаттай өз өнерлерін паш етті.

Жаһан чемпионатына Албания, Алжир, Аргентина, Аустралия, Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Болгария, Камбоджа, Канада, Чили, Қытай, Колумбия, Солтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Англия, Эстония, Грекия, Гренландия, Гренада, Гаити, Гондурас, Гонконг, Үндістан, Иран, Ирландия, Италия, Жаңа Зеландия, Ямайка, Жапония, Қырғыз Республикасы, Мадагаскар, Малайзия, Моңғолия, Марокко, Непал, Нидерланды, Солтүстік Македония, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рико, Ресей, ОАР, Испания, Швеция, Тәжікстан, Тринидад және Тобаго, Түркіменстан, БАӘ, АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен спортшылар қатысып жатыр.

Қазақстанда таэквондоның ITF түрі 1989 жылдан бері қолға алынып келеді.

Әлем чемпионатының Астана қаласында өтетіні қаңтар айында белгілі болды. Жарысты өткізуге 5-6 мемлекет таласып, бақытымызға қарай, алғаш рет бізге бұйырды. Бұл додада жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер әр санат бойынша жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасынан жасөспірім мен жастарымыз мықты. Спортшыларымыздың басты қарсыластары ретінде Солтүстік Корея, Аргентина, Грекия мемлекеттері деп, санаймын,- деді Қазақстан Таэквондо ITF қауымдастығының вице-президенті Советхан Махаббат.