Спорт

Елордада Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі  КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды, деп хабарлайды Elorda.info.

Дәстүрлі турнирдің ашылуына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице- министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қалалық спорт басқармасының басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да осындай турнирлерге Астана қаласының әкімшілігі қашанда қолдау көрсететіндігін айтты.

20 жасқа дейінгі спортшылар арасында ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бельгия, Әзірбайжан, Украина, Сауд Арабиясы, Тәжікстан өкілдері қатысуда. Олар алдағы екі күн бойы 10 салмақта  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. 

Айта кетелік, балуандар бәсекесі 13 наурызға дейін жалғасады.

Айтулы дода Астана қаласы әкімдігінің, Спорт және Туризм министрлігінің қолдауымен, ҚР «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Өздеріңізді Астана төрінде көргенімізге қуаныштымыз!

Баршаңызды Олимпиада жеңімпазы, Қазақстанның еңбек ері, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. 

Даңқты спортшы жаһан жұртына елімізді танытып қана қоймай, талай қайырымды істерімен есте қалды. Жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, туып өскен ауыл-аймағын көркейтуге атсалысты. 

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жастардың спортқа бет бұруына көп ықпал етті. Түрлі халықаралық жарыстарды ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, олардың ірі додаларда топ жаруы үшін де аянбай еңбек етті. Біртуар азаматтың жүрген жолы, атқарған ісі көпке үлгі. 

Халқымыздың біртуар перзентінің есімін ұлықтап, еңбегін бағалау жолында бүгінгідей іс-шараның маңызы зор екендігін айтқым келеді. Алдағы уақытта да дүбірлі дода өз жалғасын табатын болады. Байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тілеймін», — деді Василий Левит.