Спорт

Елордада шаңғыдан әскерилер арасында жарыс өтті

Қысқы спорттық жарыста Қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің атынан құрамында 120 спортшы бар 31 команда бақ сынады. Жарыс 1000-нан 2500 метрге дейінгі қашықтықта төрт сатылы әскерилендірілген эстафета түрінде ұйымдастырылды. Әр командада үш ер адам мен бір әйел болды. 

Спортшыларды жарыстың сәтті өтуімен Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы, полковник Русланбек Бекжігітов құттықтады. 

Жарыс екі топ бойынша бағаланды. Негізгі критерий – кезеңдерді өту уақыты. 

Бірінші топта Әскери өкілдіктер орталығының командасы алтын медал иеленсе, күміс – Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің құрамасына бұйырды, қоланы – Әкімшілік департаментінің спортшылары иеленді. 

Екіншісінде – Әскери полиция бас басқармасының шаңғышылары чемпион атанды. Тыл бастығы басқармасының құрама командасы күміс, Қару-жарақ бастығының басқармасы қола жүлдені еншіледі. 

Бірінші топтың ерлер арасындағы сайысында жеке есепте Әкімшілік департаментінің 2-сынып сержанты Азамат Жақыпов чемпион атанды, Мемлекеттік авиациялық ұшу қауіпсіздігі департаментінің офицері полковник Жаслан Аманов күміс медаль, Жедел жоспарлау департаментінің офицері, подполковник Жақсат Балтурин қола медаль иеленді. 

Екінші топта Тыл басқармасының атынан шыққан подполковник Евгений Ерастов үздік нәтиже көрсетті, екінші орында – қатардағы жауынгер Әділ Сапаров, үшінші орында – Әскери полицияның бас басқармасынан кіші сержант Айдын Ысқақұлы. 

Бірінші топтағы әйелдер арасындағы жеке жарыста Жедел жоспарлау департаментінің намысын қорғаған майор Алена Ақымбекова жеңіске жетті, екінші орынды Кадрлар департаментінен сержант Жанерке Оралбекова еншіледі.   

Екінші топта Қару-жарақ басқармасының атынан шыққан подполковник Ұлпан Талап жеңіске жетті, тұғырдың екінші сатысын Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан лейтенант Мария Салыкова, үшіншісін Әскери полицияның бас басқармасының өкілі ефрейтор Жұлдызай Болатбек иеленді. 

Жарыс қорытындысы бойынша «Белсене қатысқаны үшін» номинациясына ҚР Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі департаменті мен Қару-жарақ басшылығы басқармасы ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Тыл басшылығы басқармасының әскери қызметшілері, полковник Александр Воинков пен кіші сержант Райхан Жақыпова марапатталды. 

-->

Шаңғы жарысынан чемпионат өткізу дәстүрге айналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймын. Сіздер сайыста табандылық көрсетіп, күш-жігерлеріңізді жанып, жеңіске ұмтылдыңыздар, – деп атап өтті ол. 