Елордада семсерлесуден жасөспірімдер арасында ашық турнир өтеді
Астана қаласы Семсерлесу федерациясының президенті Ержан Нүсіпбеков пен №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Айдын Тоқбаев «Астана қылышы» семсерлесуден республикалық ашық турнирін өткізу туралы брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Республикалық турнир «Аспан» спорт кешенінде 23-28 қыркүйек аралығында өтеді. Шараға Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан спортшылар келеді.
«Астана қылышының» басты мақсаты – семсерлесуді кеңінен насихаттау, оған жаңа спортшыларды тарту және дарынды жас семсерлесушілерді қолдау. Бұл турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, ширауына жол ашады.
Астана қаласы әкімдігінің және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтетін жарысқа медальдар, кубоктар мен марапаттар осы іс-шараның бірегейлігін көрсету үшін арнайы брендпен әзірленіп, дайындалып жатыр.
Жарыс бағдарламасына шпага (сапы) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, рапира (найза) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, сабля (қылыш) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы кіреді.
Жарыс екі түрлі жас дәрежесі арасында өтеді. Бірінші 2007-2012 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында. Екіншісі 2010 жылғы және одан жас жасөспірімдер мен қыздар бәсекесі.
-->Республикалық турнир «Аспан» спорт кешенінде 23-28 қыркүйек аралығында өтеді. Шараға Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан спортшылар келеді.