Спорт

Елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир басталды

Астанада  жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында семсерлесуден «Астана қылышы» республикалық турнирі басталды, деп хабарлады Elorda info

Турнирге еліміздің  Астана, Алматы, Шымкент, қалалары мен СҚО   Қарағанды, ШҚО,  Шымкент, Тараз, Алматы облысы, ШҚО, Абай облыстарынан келген 150-ге тарта семсерлесушілер қатысып жатыр. 

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Астана қаласының семсерлесу Федерациясының басшысы Ержан Нүсіпбеков және Астана қаласы әкімдігінің №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Айдын Токбаевтар қатысты.   

семсерлесу 2.jpg

Астана қаласында дәстүрге айналған семсерлесуден республикалық турнирдің ауқымы кеңейіп, биыл «Астана қылышы» турнирі қаламызда он екінші рет өткізіліп жатыр. Жылдан жылға жастардың көптеп қатысуы мен қатар елімізде семсерлесу спортының ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде танымал болуы қуантады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлудеміз. Бүгінгі жарыс – бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам. Сондай-ақ,  жас семсерлесушілер үшін өз шеберліктерін көрсетуге және әр өңірдің үздік спортшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік, - деді   қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев. 

 Жарыс қатысушылары қарудың қылыш, сапы және найза секілді үш түрі бойынша жеке және командалық есепте сайысқа түсуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, тиісті дәрежедегі дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, айтулы бәсеке  Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде өтіп жатыр. Жарыс 29 қыркүйекке дейін  жалғасады. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ