Спорт

Елордада қоян-қолтық ұрысынан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

Қоян-қолтық ұрысынан алғаш рет елімізде өткен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы өте жоғары көрсеткішпен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, қоян-қолтық ұрысы халықаралық федерациясының президенті Сергей Астахов, қоян-қолтық ұрысы ассоциациясының президенті, генерал-майор Сәкен Исабеков қатысты.

Өз жерімізде әлем чемпионатын қабылдаған соң, Қазақстан тарапы 2 құраманы сайысқа қосу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жүлде алу мүмкіндігін ұлғайтып, жалпы есепте 1-орын алуға көмегі тиді.

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ КЕСТЕСІ:

1-орын. Қазақстан – 21 алтын, 19 күміс, 21 қола.

2-орын. Ресей – 7 алтын, 7 күміс, 15 қола.

3-орын. Өзбекстан – 7 алтын, 6 күміс, 12 қола.

4-орын. Молдова – 1 күміс, 1 қола.

5-орын. Қырғыз Республикасы – 6 қола.

6-орын. Таиланд – 3 қола.

Жарыстың шешуші күні алғашқы алтынды сыйлаған 62 келі салмақтағы Ұлан Мұқашевтың жеңісі көпшілікті қатты қуантты. Себебі, бұған дейінгі 2 жекпе-жекте Аян Тұрсын мен Жандос Мадехианов финалда қарсыластарына жол берген болатын. Ал Ұлан Мұқашев тартысты бәсекеде Ресей спортшысы Джошган Мансимовты 6:5 есебімен басым түсті.

Жалпы жарыс «жекпе-жек» және «өзін-өзі» қорғау бойынша 2 түрге бөлінді. Кеше жарыстың соңғы күні спортшылар 10 салмақта «жекпе-жек» бағдарламасында жеңімпаздарды анықтады.

Ерлер бәсекесі:

57 келі. Гуйосидин Жамолидинов (Өзбекстан)

62 келі. Ұлан Мұқашев (Қазақстан)

67 келі. Данияр Қойшыбек (Қазақстан)

73 келі. Әсет Анарбаев (Қазақстан)

80 келі. Айдын Төлепбаев (Қазақстан)

Абсолютті салмақ. Ильйос Камилов (Өзбекстан)

Қыздар бәсекесі.

48 келі. Алёна Морозова (Ресей)

53 келі. Гулжаһон Норматова (Өзбекстан)

58 келі. Сора Рахмонова (Қазақстан)

70 келі. Мария Хижнякова (Ресей) 

Айта кетейік, жарысқа 32 елден 312 спортшы (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Болгария, Венесуэла, Венгрия, Гана, Германия, Грекия, Үндістан, Иордания, Иран, Испания, Италия, Қырғыз Республикасы, Молдова, Моңғолия, Пәкістан, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Сирия, Сьера-Леоне, Ливан, Түркия, Чехия, Швейцария) қатысты.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Қоян-қолтық ұрысынан 2 жылда 1 рет өтетін әлем чемпионатын алғаш рет Астана қаласы қабылдады. Бұл додаға әлемнің 32 мемлекетінен 300-ден астам спортшылар келіп, жүлдеге таласып жатыр. Әрине, біз өзіміздің жерлестерімізді қолдаймыз, дайындықтары жақсы деп есептеймін. Қазақтың көк туы желбірейтіні сөзсіз. Алайда біз әділ, таза сайысты күтеміз. Елімізде дәл қазір осы спорт түрінен 500-дей спорт үйірмесі жұмыс істеп, 22 мыңнан астам балалар шұғылданады. Біз тек қана Олимпиадалық спорттарға ғана басымдық бермей, осындай спорт түрлерін де қолдауымыз қажет. Осы орайда қоян-қолтықтан алғаш рет әлем чемпионатын өткізіп жатқан жайымыз бар. Елімізде 176 спорт түрі бар. Барынша барлығын қолдауға дайынбыз, - деп, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Олимпиадалық емес спорт түріне де назар аударатынын айтып өтті.

Өз жерімізде әлем чемпионатын қабылдаған соң, Қазақстан тарапы 2 құраманы сайысқа қосу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жүлде алу мүмкіндігін ұлғайтып, жалпы есепте 1-орын алуға көмегі тиді.

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ КЕСТЕСІ:

1-орын. Қазақстан – 21 алтын, 19 күміс, 21 қола.

2-орын. Ресей – 7 алтын, 7 күміс, 15 қола.

3-орын. Өзбекстан – 7 алтын, 6 күміс, 12 қола.

4-орын. Молдова – 1 күміс, 1 қола.

5-орын. Қырғыз Республикасы – 6 қола.

6-орын. Таиланд – 3 қола.

Жарыстың шешуші күні алғашқы алтынды сыйлаған 62 келі салмақтағы Ұлан Мұқашевтың жеңісі көпшілікті қатты қуантты. Себебі, бұған дейінгі 2 жекпе-жекте Аян Тұрсын мен Жандос Мадехианов финалда қарсыластарына жол берген болатын. Ал Ұлан Мұқашев тартысты бәсекеде Ресей спортшысы Джошган Мансимовты 6:5 есебімен басым түсті.

Бұл менің 5-ші әлем чемпионатым. Бүгін 2 дүркін әлем чемпионы атану бақыты бұйырды. 13 жылдан бері осы спортпен айналысып келемін. Осы аралықта 8 дүркін Қазақстан чемпионы болып үлгердім. Алайда жасыма байланысты бүгінгі керемет көрсеткішпен өз спорттық мансабымды аяқтаймын. Өз салмағымды жастарға беремін, - деп, Ұлан өз эмоциясын жасырмады.