Елордада конкурдан қыздар арасында сайыс өтті
Бүгін 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Елорда маңындағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде Астана, Қарағанды, Алматы қаларынан сондай-ақ Алматы облыстарынан келген 70-ке жуық шабандоз нәзікжандылар өзара сайысқа түсіп жатыр.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов қалада спорттың бұл түрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түсуде.
Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ашық біріншіліктің жалпы жүлде қоры 6 млн теңге құрайды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Елорда маңындағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде Астана, Қарағанды, Алматы қаларынан сондай-ақ Алматы облыстарынан келген 70-ке жуық шабандоз нәзікжандылар өзара сайысқа түсіп жатыр.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов қалада спорттың бұл түрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сіздерді алдымен бүгінгі келіп жеткен көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Конкур қазаққа жат емес. Бұл да – арғымақтардың сайысы. Айтулы спорт түрі елімізде, соның ішінде елордада қарқынды қанат жайып келе жатыр. Өйткені бұл дода Астанада осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жалпы мереке сайын жиі өтіп тұрады. Бүгінгі сайыста тек ең жүйрігі, ең мықтысы, ең лайықтысы жеңіске жетсін дегім келеді. Баршаңызға мың рахмет. Көктем мерексі құтты болсын!, - деді ол.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түсуде.
Мен бүгін қыздар арасындағы жарыста «Жастар санаты» бойынша кедергілердің биіктігі 100 см секіріп шықтым. Алдынғы қатардан көрініп, бірінші орын алдым. Өте қуаныштымын. Өзім Астана қаласының спортшысымын, - дейді Жастар санатының жеңімпазы Малика Серік.