Спорт

Елордада грэпплингтен Азия чемпионатының үздіктері анықталады

Азия чемпионатының ашылу салтанатына Астана қаласының Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Азамат Имашев, UWW грэпплинг президенті Ризван Бочкаев, ҚР грэпплинг Қауымдастығының президенті, Азиялық грэпплинг комитетінің президенті Қанат Алин қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейін Қазақстан грэпплингтен Азия чемпионатын 2017 жылы алғаш рет қабылдаған еді.

WhatsApp Image 2023-06-23 at 15.53.21 (1).jpeg

ҚР грэпплинг Қауымдастығының президенті Қанат Алин былтыр жастар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орын алғанын атап өтті. 

Айта кетейік, былтыр Испанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс, 6 қола иеленген болатын.

Қанат Байұзақов

-->

Елімізде грэпплингтен осындай ауқымды шараның өтпегеніне 3-4 жылдың жүзі болды. Бүгінгі өтіп жатқан Азия чемпионатына 7 елден 400-ден астам спортшылар жиналды. Осы біріншілікте елімізден жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары анықталып, тамыз айындағы әлем чемпионатында намысымызды абыроймен қорғайды деп үміттенемін, - деді Астана қаласының Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов. 

Бұған дейін Қазақстан грэпплингтен Азия чемпионатын 2017 жылы алғаш рет қабылдаған еді.

WhatsApp Image 2023-06-23 at 15.53.21 (1).jpeg

ҚР грэпплинг Қауымдастығының президенті Қанат Алин былтыр жастар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орын алғанын атап өтті. 

Қазақстанда грэпплингтің спорт ретінде дамуы 2011 жылдан басталады. Бірақ мемлекет тек 2018 жылы ғана бізді мойындап, аккредитация берді. Соның нәтижесінде мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алып, кәсіби түрде жаттығуға, жарыстарға қатысуға мүмкіндік алдық. Грэпплингтің даму қарқыны елімізде өте жоғары. Былтыр жастар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орын алды. Ал ересектеріміз әлемдік рейтингте 2-орында тұр. Жалпы 7 жыл бойы тұрақты ТОП-3-те тұрмыз. Азия құрлығында қарсылас ретінде Қырғыз Республикасы мен Филиппин болса, әлемдік деңгейде Франция, АҚШ, Ресей, Израильді айтар едім.  5-6 жылдың көлемінде Қазақстанның әлемдік деңгейде өсуін әлем чемпиондарының шығуымен де көрсетсек болады. 2018 жылы алғаш рет еліміздегі атақты спортшы Айгерім Әбілқадырова әлем чемпионы атанса, 2021 жылы Зайреден Мұхамбетжанов, 2022 жылы Нұрбек Талбудин топ жарды,- деді ол.  

Айта кетейік, былтыр Испанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс, 6 қола иеленген болатын.

Қанат Байұзақов