Спорт

Елордада футбол жанкүйерлері үшін автобустардың жүру уақыты ұзартылды

9 қарашада «Астана Арена» стадионында елордалық «Астана» косоволық «Балкани» футбол клубына қарсы матч өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

9 қарашада «Астана Арена» стадионында елордалық «Астана» косоволық «Балкани» футбол клубына қарсы матч өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық №10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойыннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады, - делінген Сity Transportation Systems хабарламасында.