Спорт

Елордада футбол жанкүйерлері үшін автобустардың жүру уақыты ұзартылады

30 қарашада «Астана Арена» стадионында елордалық «Астана» мен «Динамо» Загреб футбол клубының ойыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, матчтың басталуы сағат 21:30-да.

-->

30 қарашада «Астана Арена» стадионында елордалық «Астана» мен «Динамо» Загреб футбол клубының ойыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық №10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады, - делінген Сity Transportation Systems хабарламасында.

Айта кетейік, матчтың басталуы сағат 21:30-да.