Спорт

Елордада  «Funny sport» жобасының шешуші «Аула ойындары» шарасы өтті

«Funny sport» жобасы аясында шешуші сегізінші іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаламыздың көрнекті жерінің бірі – «Жетісу» саябағында «Аула ойындары» іс-шарасы өтіп, 1 мыңдай қала тұрғыны белсене қатысты.

Таңғы және түстен кейін ұйымдастырылған шарада атысушылар пазл құрастыру, сурет салу, баскетбол добын себетке салу, доп тебу, волейбол және т.б көптеген аула ойындарында бақ сынады.

«Аула ойындары ата-аналардың балалық шағын еске түсіруіне мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі мерекемізге қатысқысы келетіндердің қарасы өте көп болды. 2024 жылы да дәл осы саябақта «Аула ойындарын» өткізген едік. Бірақ әр шарамызды сараптап, биыл ойындардың санын арттырдық. Ата-аналар балаларын ғана ойнатып қана қоймай, өздерін де түрлі сайыстарға қатыстық. Кішкентай балаларға арнап батут, лабиринтты да қамтыдық. Біздің мақсатымыз - әр баланы гаджетте өткізетін уақытын азайтып, тамаша табиғат аясында ойын ойнап, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға жол ашу», - деді «Funny sport» жобасының менеджері Айгерім Жұмалиева.

Толыққанды тегін өткізілген шарада Tartyl Fest жобасының чемпионы Диас Абдрахманов роллерден түрлі трюктерімен жиналған көрермендерге керемет әсер сыйлады.

Жобаның соңында арнайы тіркеуден өткен балалар арасында лотерея ойнатылып, түрлі сыйлықтар берілді.



Айта кетейік, 12-21 қыркүйек аралығын қамтыған  «Funny sport» жобасы отбасыларды салауатты өмір салтына баулу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, спорттық мерекеде достық атмосферасын қалыптастыруды көздейді.