Елордада «Достық көпірі» атты шахмат турнирі өтті
Астанада Мәскеу қаласының мәдениет күндері аясында «Достық көпірі» атты шахмат турнирі өтті. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарысқа Астана қаласының балалар құрамасы, Мәскеу қалалық Думасының және Астана қалалық мәслихатының депутаттары қатысты.
Турнирге қатысушылардың барлығына депутаттар атынан 50 000 теңге көлеміндегі сыйлық сертификаттары табысталды.
«Бұл сертификаттарды Sana Sport кешеніндегі спорт секцияларына жазылу немесе Marvel дүкендер желісінен тауар сатып алу үшін пайдалануға болады. Ең қызығы, бұл турнирде жеңімпаздар мен жеңілгендер болған жоқ – сайыс достық пен ынтымақтастықтың символына айналды», - деп жазды Е.Каналимов.