Спорт

Елордада балалар арасында хоккейден жарыс өтті

Бүгін елордада «Барыс Арена» мұз сарайында балаларға арналған қайырымдылық хоккей матчы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара Астана қаласы прокуратурасының бастауымен “Есіл” аудандық әкімдігімен бірлесіп, ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл іс-шара балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға және олардың спорттық ұмтылыстарын қолдауға бағытталған. Спорт-бұл денсаулық пен физикалық белсенділік қана емес, сонымен қатар командалық жұмыстың, өзін-өзі тәрбиелеудің және қарсыласқа құрмет көрсетудің маңызды сабақтары. Балалар үшін бұл жай ойын емес, командамен бірге дамуға, үйренуге және өсуге мүмкіндік.

«Отбасы құндылығын дәріптеп, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуға бағытталған осындай шараны өткізуге бастама көтергені үшін аудандық прокуратураға алғысымды айтамын. Бүгінгі ойында ең үздік спортшының жеңіске жетуіне тілектеспін», - деді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

-->

«Құрметті спорт сүйер қауым, сіздерді бүгінгі шараның ашылуымен құттықтаймын. Бұл жарыс «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында өтіп жатыр. Бүгінгі ойынды тамашалауға келген жұртшылық, ата-аналар әдемі ойынға куә болады деп сенемін. Спортшыларды жақсы ойын үлгісін көрсетуге шақырамын», - деді Есіл ауданының прокуроры Ерденбек Тоқбаев.