Спорт

ELORDA CUP: 14 боксшымыз топ жарды

12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Астана қаласының спортшысы, Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 86 келіде чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта (13 ер, 11 әйел) жеңімпаздар анықталды.

6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық есеп бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер:

Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола

Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола

Қытай — 4 алтын, 1 қола

Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Астана қаласынан өнер көрсеткен Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай осы турнирде жаңа 86 келіде чемпион атанды.

Қандай жайттар тіркелді?

— 155 жекпе-жек өткізіліп, 13 айқас техникалық нокаутпен аяқталды. 4 кездесуде нокаут тіркелді.

— 11 жекпе-жекте қарсылас рингке шықпады. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов, Карим Серкебаев, Махмұд  Сабырхан, Қамшыбек Қоңқабаева финалда автоматты түрде чемпион болды.

— Олимпиада жолдамасының иегерлері Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай жаңа салмақта өнер көрсетті.

— 10 Әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты.

— 71 келі салмақта Өзбекстан сапынан ауысқан Аман Қонысбеков бірінші рет Қазақстан туы астында жұдырықтасты.

Жеңімпаздарға (1-орынға — 700 доллар, 2-орынға — 400 доллар, 3-орынға — 200 доллар) сыйақы берілді.

-->

Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта (13 ер, 11 әйел) жеңімпаздар анықталды.

«Elorda Cup турнирінің маңызы зор. Себебі, Париж Олимпиадасы алдында ұлттық құрама боксшылары үшін шешуші жарыс. Сондықтан Олимпиада жолдамасы иегерлерінің барлығы қатысты. Көпшілігі 2-3 айқастан өткізіп, қателіктермен жұмыс істеді. Қазақстаннан бөлек, Марокко, Қытай, Үндістан,Әзербайжан елдері де Олимпиадаға қатысатын спортшыларын әкелді. Сондықтан бұл додада бастысы жеңіс емес, тәжірибе жинау болды» — деді ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық есеп бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер:

Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола

Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола

Қытай — 4 алтын, 1 қола

Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Астана қаласынан өнер көрсеткен Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай осы турнирде жаңа 86 келіде чемпион атанды.

«Бас бапкер осы жарыста салмақ қумай-ақ қатыса беруге рұқсатын берді. Сондықтан 80 келіде емес, 86 салмақта жүлдеге таластым. Турнирде 2 жекпе-жек өткіздім. Көңілімнен шықты. Әсіресе финалдық айқаста Париж Олимпиадасының жолдама иегері, Әзербайжан өкілі Мурад Аллавердиевтен басым түстім. Қос салмақ та мен үшін ыңғайлы» — деді Нұрбек Оралбай.