Спорт

Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды

Эльмира Сыздықова қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, 2 дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info

Отандасымыз сары құрлық бәсекесін ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.

Айта кетейік, Эльмира биыл ҚР VI жазғы спартакиадасында топ жарды. 

Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған (1 алтын, 2 күміс, 3 қола).

-->