Елімізде қанша адам баскетболмен шұғылданады?
Қазақстанның баскетбол федерациясы өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз өнер көрсетіп, жолдамадан қағылды. Ал 3х3 баскетболы бойынша әлі бір іріктеу жарысы бар. Биылға жоспарланған олимпиадалық іріктеу бәсекесінде топ жарған команда ғана лизенцияға иелік етеді.
Жиын барысында министр баскетбол федерациясының басшылығына ұлттық құрамалардың жаттықтырушыларын қысқа мерзімде бекітуді, Халықаралық ұйымдардағы өкілдікті ұлғайту және халықаралық деңгейдегі спорт төрешілерін даярлау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының орташа жасын төмендетіп, спортшыларды даярлауда жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін міндеттеді.
-->Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз өнер көрсетіп, жолдамадан қағылды. Ал 3х3 баскетболы бойынша әлі бір іріктеу жарысы бар. Биылға жоспарланған олимпиадалық іріктеу бәсекесінде топ жарған команда ғана лизенцияға иелік етеді.
Баскетбол – әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі. Бүгінде елімізде 400 мыңнан астам адам осы спорт түрімен шұғылданады. 16 облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 156 бөлімше жұмыс істейді. Статистика бойынша жыл сайын баскетболмен айналысатындардың саны артып жатқанымен, ұлттық құраманың нәтижесі төмендеп барады. Тәуелсіздік жылдарындағы Азия чемпионаттарының нәтижесіне көз жүгіртер болсақ, 5х5 баскетболдан әйелдер құрамасы ешқашан үздік 5 команданың қатарына енбеген. Ерлер арасындағы 5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасы бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыса алмады. Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – 4-орын. Оның өзі 2007 жылғы көрсеткіш. Ұлттық құраманың орташа жасы – 33, - деді Ермек Маржықпаев.