Елімізде алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыста Азия - Тынық мұхит аймағының жасөспірімдері бақ сынайды. Іріктеу сайысы Шымкент қаласында 1-13 мамыр күндері 16 жасқа дейінгілер арасында өтеді, деп хабарлады Elorda.info Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем чемпионатына жолдама үшін қыздар арасында Қазақстан, Аустралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам құрамалары кортқа шығады.
Бозбалалар арасында Қазақстан, Аустралия, Малайзия, Пәкстан, Сингапур, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:
Бозбалалар:
1. Әмір Омарханов (Қарағанды)
2. Заңғар Нұрланұлы (Түркістан).
Үшінші бос орынға Дамир Жалғасбай (Алматы), Бақтияр Ерасыл (Астана) және Артем Сидоров (Алматы) таласады.
Қыздар:
1. Іңкәр Дүйсебай (Алматы)
2. Полина Слепцова (Алматы)
3. Ариана Гогулина (Астана)
4. Анастасия Крымкова (Тараз).
Осылардың ішінен команда капитаны үшеуін таңдайды.
Шымкенттегі іріктеу сайысында 16 команда төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне шығып, әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Азия - Тынық мұхит аймағынан бозбалалар арасында әлем чемпионатына төрт жолдама беріледі, яғни жартылай финалға шыққан командалар әлем біріншілігіне жолдама алады. Қыздар арасында үш жолдамаға үздік үштікке енгендер ие болады.
Шымкентпен қатар, Еуропа, Африка, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Америкада іріктеу жарыстары өтіп, әлем чемпионатына баратын 16 команда анықталады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Штутгарт турнирін жеңіспен бастады.
-->Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыста Азия - Тынық мұхит аймағының жасөспірімдері бақ сынайды. Іріктеу сайысы Шымкент қаласында 1-13 мамыр күндері 16 жасқа дейінгілер арасында өтеді, деп хабарлады Elorda.info Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.