Елімізде 2 мыңнан астам оқушы Гиннес рекордын орнатады
9 қыркүйекте Тоғызқұмалақ күніне орай Алматыда тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оған 2 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты – Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену.
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Сондай-ақ 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілген.
Айта кетейік, аталмыш шара ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 10:00-де өтеді.
Сонымен қатар 21-24 қыркүйек аралығында Алматыда рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты ұйымдастырылады.
Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.
-->Оған 2 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты – Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену.