Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.