Спорт

Елена Рыбакина Masters турнирінің финалына шықты

Үлкен теннистен Италияда өтіп жатқан WTA 1000 Rome турнирінде Елена Рыбакина финалға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Отандасымыз жартылай финалда Roland Garros турнирінің жеңімпазы Елена Остапенкомен ойнап, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл Елена үшін биылғы 3-ші финал. Бұған дейін Australian Open, Майами турнирінде есе жіберсе, Индиан-Уэллсте топ жарған еді.

Енді Елена чемпиондық атақты сарапқа салу үшін украиналық Ангелина Калининамен кездеседі.

-->