Спорт

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшке көтерілді. Сондай-ақ, ранг кестесінде көшбасшы өзгерді – бірінші орынға Белорусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші қатарға ығыстырды.
Мұндай өзгерістер ойыншыларға былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайлары есептелгенімен байланысты болды. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде көрсеткен өнеріне байланысты болады.
Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 жеңгенін еске сала кетейік. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда чех спортшысы Линда Носковамен кездеседі.

-->