Спорт

Елдос Сметов: Парижге тек алтын алуға келген болатынмын

Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы алтынды салған спортшы Елдос Сметов Instagram әлеуметтік желісінде арнайы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар ол қажырлы еңбек, арманға деген адалдық, мақсатқа деген батыл қадамдар, жарақатқа төтеп беру, талап пен тәртіптің арқасында жүлдеге қол жеткізгеніне тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов 2016 жылдан бері барлық үш Олимпиадаға қатысып, жүлде алды.

-->

Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы алтынды салған спортшы Елдос Сметов Instagram әлеуметтік желісінде арнайы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

«Мен - Олимпиада чемпионымын! Өзімнің медаль жиынтығыма тек осы бір медаль жетпей тұрды. Бұл медальді осыған дейін екі рет екі жағынан көріп кеттім. Қол созым жерде қалдырдым. Міне, енді Олимпиаданың алтыны - менікі. Парижге тек алтын алуға келген болатынмын. Арманым орындалды. Шүкір, бақыттымын!  Қанша күннен бері мені құттықтап, жылы лебіздеріңізді, сый-сияпаттарыңызды арнап жатқандарыңызды көріп отырмын. Баршаңызға Алла разы болсын! Көп рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз, қазақ халқының қолдауы мен үшін қашан да ыстық және әлемнің қай бұрышында күрессем де мен оны сеземін. Бұл - Қазақ спортынының, қазақ дзюдосының көптен күткен тарихи алтыны», - деді Е.Сметов.

Сонымен қатар ол қажырлы еңбек, арманға деген адалдық, мақсатқа деген батыл қадамдар, жарақатқа төтеп беру, талап пен тәртіптің арқасында жүлдеге қол жеткізгеніне тоқталды.

«Біздің Олимпиада жолымыз үш бөлімнен тұратын ұзақ сапар болды. Осы уақыт аралығында маған қолдау көрсеткен, жігерімді жаншымай үнемі жанымнан табылған, сенген, демеген әуелі ата-анама, отбасы-бауырларыма, асыл жарыма, балаларыма шексіз рахметімді айтамын. Әрине, жеке бапкерім, екінші әкем Ғалымжан ағайдың еңбегін сипаттауға сөз жетпейді. Кәсіби спортшыларды қолдап отырған Мемлекетімізге, Қазақстан дзюдо федерациясына және «Динамо» ұжымына, өзімнің Jenys клубыма алғысымды жеткізгім келеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов 2016 жылдан бері барлық үш Олимпиадаға қатысып, жүлде алды.