Ел спортшысы дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медальге ие болды
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының спортшысы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирде алғаш рет жүлде иеленді.