Едіге Емберді: Қалай да болмасын, 1 алтын медаль алу міндеті тұрды
Ауыр атлетикадан 15-23 қараша аралығында Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған 18 жастағы жерлесіміз Едіге Емберді бүгін елге оралды. Elorda info тілшісі чемпионмен әуежайда шағын сұхбат жасады.
Өзіңді бұған дейін спорт сүйер қауым жаөспірімдер арасында әлем чемпионы ретінде таниды. Енді жастар арасында да топ жарып жатырсың. Қос жарыстың қандай ерекшелігі бар?
Әлем чемпионаты басталмас бұрын ұлттық құрамаға қандай міндет жүктелді? Басты қарсыласыңызды алдын-ала білдің бе?
Әлем чемпионаты барысын айтып берсеңіз?
Алдағы уақыттағы өзге де жоспарыңызбен бөліссеңіз?
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Ауыр атлетикадан 15-23 қараша аралығында Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған 18 жастағы жерлесіміз Едіге Емберді бүгін елге оралды. Elorda info тілшісі чемпионмен әуежайда шағын сұхбат жасады.
Өзіңді бұған дейін спорт сүйер қауым жаөспірімдер арасында әлем чемпионы ретінде таниды. Енді жастар арасында да топ жарып жатырсың. Қос жарыстың қандай ерекшелігі бар?
2022 жылы 73 келіде өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында әлемдік рекордты жаңартқан едім. Алайда ол жерде тек 17 жасқа дейін ғана қатыса аласың. Биыл мамыр айында 18-ге толып, жастар санатына ауыстым. Жастар категориясында 20 жасқа дейінгі спортшылармен бірге сайысқа түсесің.
Біріншіден, бәсекелестік жоғары. Жасөспірімдер әлем чемпионатында екінші орын алған Өзбекстан спортшысынан 16 келіге озып кетсем, бұл жолы соңына дейін сыр бермеуге тура келді. Салыстырмалы түрде 1-орын мен 4-орынның арасы 4 келі ғана.
1-орын. Едіге Емберді – 336 келі (145+191)
2-орын. Гайгусыз Тораев (Түркіменстан) – 335 келі (151+184)
3-орын. Саба Асанидзе (Грузия) – 333 келі (149+184)
Екіншіден, көпшілігі тәжірибелі спортшылар. Осы әлем чемпионатында 17 қарсыласпен бәсекеге түстім. Оның 13-і менен жасы үлкен. Әрі ересектер арасындағы айтулы додаларда бақ сынап жүрген спортшылар. Мысалы, күміс жүлде алған 20 жастағы Гайгусыз Тораев (Түркіменстан) қыркүйек айында ғана Сауд Арабиядағы ересектер әлем біріншілігінде қос сайыста 343 келімен 6-орынға тұрақтады.
Үшіншіден, жаңа салмақ. Былтыр әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінде 4-5 келі салмақ қуып, 73 келіде топ жардым. Биыл 81 келіге ауыстым. Оның үстіне салмағымның жетпейтіндігі бар. Көп қарсыластарым осы салмақта бұрыннан бері жүр.
Әлем чемпионаты басталмас бұрын ұлттық құрамаға қандай міндет жүктелді? Басты қарсыласыңызды алдын-ала білдің бе?
Осыған дейінгі 3 әлем чемпионатының көрсеткішіне назар аударсаңыз, жастар құрамасы тәуір нәтиже көрсеткенін аңғарасыз. 2019 жылы – 2 алтын, 2021 жылы – 3 алтын алды. Былтыр чемпиондыққа сәл жетпей, 1 күміске ие болды. Сондықтан, қалай да болмасын, 1 алтын алу міндеті тұрды. Елімізден 5 спортшы қатысып, қос сайыс қорытындысында 1 алтын, 1 күміс алдық.
Өзіме келетін болсам. Әлем чемпионатына дайындық барысында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынына қатыстым. Сол сәтте Түркіменстан спортшылары да келді. Өз салмағымда әлем чемпионатының қатысушысы Гайгусыз Тораевты көзбе-көз көріп, зілтемірді одан төмен көтермеуге мақсат қойдым.
Әлем чемпионаты барысын айтып берсеңіз?
81 келіде 18 спортшы жүлдеге таластық. Алғашқы жұлқа көтеру сайысында 145 келіні ғана көтеріп, 9-орын алдым. Ал серпе көтеру мен үшін өте ыңғайлы. Сондықтан 6 келі озып кеткен қарсыластарымды қуып жету үшін барымды салдым. Нәтижесінде биылға қойған басты мақсатымды орындадым.
Алдағы уақыттағы өзге де жоспарыңызбен бөліссеңіз?
Осы жолғы жаһандық додаға тіземдегі жарақатыммен қатыстым. Енді толық емделіп, 2024 жылы Испаниядағы жастар арасында әлем біріншілігіне және ересектер арасында Бахрейндегі әлем біріншілігіне баруды көздеймін.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ