Спорт

Дзюдошылар Хорватиядағы Гран-при турнирінде екі алтын иеленді

Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде спортшылар екі алтын медальмен аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде аустриялық Мария Холвартқа есе жіберді. 

Осылайша, Қазақстан еншісінде үш медаль бар. Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады.