Спорт

Дзюдошы Еркен Бекәлі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Еркен Бекәлі жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында қарсыласынан басым түсті.

Бекәлі шешуші белдесуде Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден айласын асырды.