Спорт

Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар. 

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. 

Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.