Спорт

Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.

Жарысқа қатысатын Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:

Ұлдар: 

60 келі: Данияр Құлышев, Мадияр Серіков  

66 келі: Аян Байкенжеев  

73 келі: Ернар Кеңесхан 

81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов 

90 келі: Егорь Раков

-100 келі: Дінасыл Тәттімбек 

+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы

Қыздар: 

48 келі: Сәбина Юлдашбекова, Тасним Абдуали 

52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек 

57 келі: Дина Мұханбет 

63 келі: Ұлдана Таңжарықова 

70 келі: Әділ Сағира

-78 келі: Анастасия Нагачевская

+78 келі: Руслана Махатова.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстық-көл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.