Дзюдодан Қытайдағы Гран-приге қатысатын спортшылар анықталды
Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған.
Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі.
Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды.
Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:
60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Дәурен Сүйеукенов;
66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа;
73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы;
81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек.