Дзюдодан әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өтті
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта молдовалық Петру Пеливанмен белдесті.
Нәтижесінде Абылайхан Жұбаназар бір ұпай айырмашылығымен жеңді.
Енді қазақстандық балуанның 1/16 финалдағы қарсыласы - бразилиялық Габриэль Фалькао болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова Словения өкілі Кая Кайзерге жол берген болатын.