Дзюдодан Grand Slam турниріне баратын спортшылар белгілі болды
Жапония астанасында 7-8 желтоқсан күндері дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы жарысқа Халықаралық федерация ұсынған алдын ала тізімге 11 қазақстандық дзюдошы енгізілді. Олар:
Ерлер:
60 келі – Дәурен Сүйекенов;
60 келі – Шерзад Давлатов;
73 келі – Бақытжан Әбдірахманов;
81 келі – Жалғас Қайролла;
90 келі – Максим Мейірлан;
100 келі – Әділет Сапарғалиев.
Әйелдер:
52 келі – Толғанай Әбеуова;
57 келі – Дана Әбдірова;
63 келі – Самалай Ерғалиева;
78 келі – Назгүл Маратова;
78 келі – Карина Тәкиева.