Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды
25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, аталмыш жарысқа қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі төмендегідей:
60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Нұрәділ Әлжан;
66 келіге дейін: Ержен Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев;
73 келіге дейін: Саят Сейітқалиев;
81 келіге дейін: Мейіржан Жұмабек;
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков.
Ал әйелдер арасындағы сайыста Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) бақ сынайды.