Спорт

Дзюдодан ел біріншілігі өтіп жатыр

Астана қаласында Дзюдодан кезекті ел чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Аталмыш турнирде 17 өңір және 3 мегаполисімізден 463 спортшы бақ сынап жатыр. 

Біріншіліктің ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов қатысты. 

«Мемлекет басшысының «Отандық спортта әділ бәсекелестік қағидатын орнату» туралы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі чемпионатқа шет елден 3 тәуелсіз төреші шақыртылды. 

Бүгінгі жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер және әйелдер арасында 5 салмақта жеңімпаздар анықталатын болады. 

Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024 жылға дзюдодан ұлттық құрама жасақталады. 

Жарыс 15 қарашаға дейін жалғасады.

Қанат Байұзақ

-->

Қазіргі таңда елімізде дзюдомен 133 мыңға жуық адам тұрақты түрде айналысады. Соның нәтижесінде ел спортшылары халықаралық дүбірлі додаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге жетелейді, — деді, жарыстың ашылу салтанаты барысында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.