«Душты жөндеуге 3 ай керек пе?»:Бақтияр Артаев тапсырманы орындамайтын директорларды сынға алды
Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жұмысына немқұрайлы қарап, тапсырманы уақытылы орындамайтын спорт мекемелерінің директорларын сынға алды. Бұл туралы kazhenov.aslan Instagram парақшасы жиналыс үстінде түсірілген видео жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мұның бәрін еріккеннен істеп жатқан жоқпын. Өйткені балалар қолайлы жағдайда жаттығуы керек. Үш ай емес, бір ай сіздерге да жеткілікті. Қыркүйекке дейін күтпейтін шығармын. Осы түрімізбен қыркүйекке дейін барамыз. Сіздерді жазалағаннан абырой таппаймын. Берілген тапсырманы орындамағанға наразы болып отырмын.
Кішкентай ғана душты жөндеу үшін сіздерге үш ай керек пе? Кейбір әріптестеріміз ол жұмысты бастаған да жоқ. Оны да білемін. Кім жұмысты әлі бастаған жоқ, жұмыстан кету жөнінде арыз жазсын. Мен ол адаммен ары қарай жұмыс істемеймін. Кім жұмысты орта деңгейге алып келді, онда шара қолданамыз. Бір айтқанды түсінбейтін адаммен ары қарай жұмыс істемейміз. Жеке өзіме сұрап отырған жоқпын, балалар үшін жасап жатырмыз», - деді Бақтияр Артаев.