Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа кубогында екі медаль жеңіп алды
Айролода (Швейцария) фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов бұл жарыста екі медаль жеңіп алды.
Сайыстың бірінші күнінде Райымқұлов бірінші орынға бір қадам жетпей қалды. Ол екінші орынға ие болып, тек Максим Кузнецовқа (Украина) ғана жол берді.
Екінші күні қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды. Дінмұхаммед шешуші кезеңде 96,58 ұпай жинады.