Депутаттар Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық барысымен танысты
Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Олимпиадаға дайындық штабының өкілдері Мәжіліс депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуде Францияның Париж қаласында өтетін төрт жылдықтың басты додалары – Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ұлттық құраманың дайындығы баяндалды.
Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса, Нұрлан Әуесбаев, Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Нартай Сәрсенғалиев, Нұргүл Тау, Таңсәуле Серікова министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сондай-ақ, депутаттар Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдошылардың оқу-жаттығу жиынына қатысып, спортшылармен тілдесті. Соңынан Qazaq kuresi академиясы тәрбиеленушілерінің жаттығуын тамашалады.
Еске сала кетсек, биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал XVII жазғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттың 22 түрінен 184 мемлекет 549 медаль жиынтығын саралайды.
Жазғы спорттық ойындар бойынша бүгін ел қоржыны тағы бір медальмен толығып, спорттың 17 түрінен 50 лицензияға жетті. Параойындар бойынша Қазақстан құрамасында спорттың 7 түрінен 11 лицензия бар.
-->Кездесуде Францияның Париж қаласында өтетін төрт жылдықтың басты додалары – Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ұлттық құраманың дайындығы баяндалды.