Спорт

Денис Евсеев Президент кубогының жеңімпазы атанды

Әлемнің 412-ракеткасы, қазақстандық Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алды – 7:5.

Екіншісінде өзбекстандық спортшы есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Денис 4:2 есебімен алға кеткенімен, Хумаюн таразы басын теңестірді – 4:4. Сол аяғынан алған жарақатына қарамастан, Евсеев барын салып, қайта брейк жасады – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Денис Евсеев өз спорттық жолында ең ірі табысына қол жеткізді.

-->