Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен еді.
Даниял Сапарбай жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде үшінші орын алды.
Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек финалға шығу үшін бақ сынайды.