Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ел спортшылары аламан бәйгеде алтын жүлде иеленді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ат бәйгесі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазіргі сәтте 25 шақырым қашықтықта аламан бәйгеде жеңімпаздар белгілі болды.

25 000 метр. 20 қатысушы

1-орын: Айқабақ. Аңсар Арыстанбек, бапкері – Жамбыл Бөбекбай, ат иесі – Сапарғали Сатпаев (Қазақстан);

2-орын: Жұмыртұяқ, жокей – Аманкелді Хамза, бапкері – Марлан Бектенов, ат иесі – Марат Ақберлинов (Қазақстан)

3-орын: Қара қыз, жокей – Нурэл Элесов, бапкері – Изат Сырғақ уулу, ат иесі – Нұрбек Керімбеков (Қырғызстан)

Бұған дейінгі Дүниежүзілік көшпенділер ойынында аламан бәйгеден кімдер чемпион атанған?

2014 жыл. «Қарат байыр» (Қырғызстан)

2018 жыл. «Байторы» (Қырғызстан)

2024 жыл. «Айқабақ» (Қазақстан)

Чемпионға темір тұлпар сыйға тартылады.