Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын тоғызқұмалақшылар анықталды

Бұл чемпионаттың жеңімпаздары қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан Түркия мемлекетінде болатын әлем чемпионатына жолдама алады, деп хабарлады Elorda.info.

10 турға созылған чемпионат қорытындысы бойынша ерлер арасында І орын Бексұлтан Бостандықовқа (Қызылорда облысы) бұйырды. ІІ орынды Асылхан Қожанәсіп (Қарағанды облысы), ал ІІІ орынды Дархан Ануарбеков (БҚО) пен Ерсұлтан Әуелбай (Астана қаласы) жеңіп алды. 

Әйелдер арасында І орынды Мөлдір Серікқызы (Ақтөбе облысы), ІІ орынды Әсел Далиева (Түркістан облысы) алса, ІІІ орынды Ұлдана Маханбетамин (Қызылорда облысы) мен Аңсаған Қожанәсіп (Қарағанды облысы) өзара бөлісті.  

Классика бойынша командалық сайыста Қызылорда облысы І орыннан көрінсе, ІІ орынды Ақтөбе облысы, ІІІ орынды Түркістан облысы алды. 

Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық спорт қауымдастығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Спортты қолдау қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Еске сала кетейік, Республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Теңге ілу», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

-->