Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарының жеребесі тартылды
Бүгін Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеребе нәтижесі төмендегідей:
«Брест» – «ПСЖ»;
«Брюгге» – «Аталанта»;
«Манчестер Сити» – «Реал»;
«Ювентус» – ПСВ;
«Монако» – «Бенфика»;
«Спортинг» – «Боруссия»;
«Селтик» – «Бавария»;
«Фейеноорд» – «Милан».
Бірінші матчтар 11-12 ақпанға, ал қарымта ойындар 18-19 ақпан күндеріне жоспарланған.
Айта кетейік, 9-16-орын аралығындағы клубтар қарымта ойынды өз алаңында өткізеді.
Іріктеу матчтарында жеңіске жеткен 8 команда 1/8 финалға жолдама алады.