Спорт

«Былғары доп»: Астана қаласының жасөспірімдері арасында футболдан жарыс өтті

Елордада спорт күні қарсаңында шағын футболдан балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс басталды, деп хабарлады Elorda.info.

18-20 тамыз күндері аралығында Триатлон саябағындағы жасыл алаң тартысқа толы болмақ. Себебі, футболға қызығатын балалар жылдамдық, ептілік, командалық рух және жеңіске деген құштарлықтарын толық көрсететін болады.

Іс-шараның мақсаты — дарынды жастарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуетін жандандыру. Спорттық дағдыларды дамытып қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Чемпионаттың супер финалы 21 тамызға жоспарланған. Жеңімпаз командалар 900 мың теңгені құрайтын жүлдемен марапатталады.

-->

«Чемпионат үш жас санатын қамтиды. U-10 санатында 16 команда,  U13 санатында ең көп 42 команда және U16 санатында 27 команда бас жүлдеге таласады. 5×5 форматындағы футболда ойыншылар шексіз мөлшерде ауысып, бір тайм 8 минутты құрайтын болады. Дәл қазіргі сәтте ел чемпионатында тек қана Астана қаласынан «Астана», «Жеңіс» және Бірінші лигада SD Family сынды клубтар өнер көрсетуде. Бұл дегеніміз елорда төрінде әлемдегі нөмір бірінші спортқа деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Бүгінгі турниріміздегі қатысушылардың көптігі – жарыс көркін қыздырады деген сенімдеміз» - деді жарыстың бас төрешісі Георгий Чеховский.