Спорт

Бокстан «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын спортшылар анықталды

10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бапкерлер штабы тізімге төмендегі спортшыларды қосты:

- 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова;

- 50 келі: Элянур Тұрғанова;

- 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова;

- 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар;

- 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова;

- 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина;

81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын.