Спорт

Бокстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жаттығу жиынында Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Париж Олимпиадасының жолдамас үшін 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.

-->